Жаңалықтар

Головкин мен «Канело» жекпе-жегінің қайда өтетіні белгілі болды

ашық дереккөзі

Головкин мен «Канело» жекпе-жегінің қайда өтетіні белгілі болды

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль«Канело» Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да өтетін болды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы бокс кешін өткізуге жауапты Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы ресми мәлімдеді. Еске салсақ, екі спортшы арасындағы үшінші айқас 17 қыркүйек күні  жоспарланған. Осыған дейінгі екі кездесу де дәл сол аренада өткен. Алғашқы жекпе-жек тең аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті мексикалық былғары қолғап шеберіне берген еді.