Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
22 маусымда еліміздің 10 өңіріне қатысты дауылды ескерту жарияланды деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктер Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп болжады.
Оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде соққан желдің екпіні 23-28 м/с, ал шығысында 25 м/с құрайды.
Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады. Қарағандыда күндіз солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 18 м/с жетеді.
Жезқазғанда күндіз қатты ыстық сақталады (+36...+38°C).
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 37°C-ге дейін қатты ыстық болады.
Күндіз Қызылорда облысында қатты ыстық болады (+40°C). Облыстың басым бөлігінде және Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Алматы облысының солтүстігінде және шығысында қатты ыстық болады (+36°C). Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кейде 25 м/с құрайды.
Күндіз Түркістан облысының шөлді аудандарында аптап ыстық (+45°C). Таулы өңірлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні өңірдің солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың басым бөлігінде аптап ыстық болады (+40°C).
Күндіз Ақтөбе облысының орталығында солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 18 м/с жетеді.
Күндіз Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде аптап ыстық болады (+43°C).
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Батыстан, солтүстіктен, шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кейде 25 м/с жетеді.