Елордада астан уланған 101 адам ем алып жатыр

Елордада астан уланған 101 адам ем алып жатыр

Елордада астан уланған 101 адам ем алып жатыр
ашық дереккөзі
Елордада тамақтан уланған 18 адам ауруханада жатыр деп хабарлады turkystan.kz Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
«Астан улану бойынша 101 адам медициналық көмекке жүгінді. Қазір 18 адам стационарлық ем қабылдап жатыр, оның ішінде 1 ересек және 17 бала бар. Одан бөлек 83 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдау үстінде. Ал ауруханадан жазылып шыққан адам саны – 53» деп жазылған ведомство таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта пациенттердің жалпы жағдайы орташа және қалыпты. Еске салсақ, 13 маусым күні елордада 64 адам тамақтан уланды.