Жаңалықтар

Елордада астан уланған 101 адам ем алып жатыр

ашық дереккөзі

Елордада астан уланған 101 адам ем алып жатыр

Елордада тамақтан уланған 18 адам ауруханада жатыр деп хабарлады turkystan.kz Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. «Астан улану бойынша 101 адам медициналық көмекке жүгінді. Қазір 18 адам стационарлық ем қабылдап жатыр, оның ішінде 1 ересек және 17 бала бар. Одан бөлек 83 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдау үстінде. Ал ауруханадан жазылып шыққан адам саны – 53» деп жазылған ведомство таратқан хабарламада. Қазіргі уақытта пациенттердің жалпы жағдайы орташа және қалыпты. Еске салсақ, 13 маусым күні елордада 64 адам тамақтан уланды.