Елімізде балалар аяқ киімі 14% қымбаттады

Елімізде балалар аяқ киімі 14% қымбаттады

Елімізде балалар аяқ киімі 14% қымбаттады
ашық дереккөзі
Еnergyprom.kz мәліметіне қарағанда, бір жыл ішінде Қазақстанда аяқ киім бағасы 10%-ға қымбаттаған деп хабарлады turkystan.kz. 2022 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 546 мың жұп аяқ киім шығарылған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 13,3% аз. Өңірлер бөлінісінде бұл көрсеткіш бойынша Алматы қаласы алда тұр. Мұнда 253,3 мың жұп аяқ киім өндірілген. Одан кейін Жамбыл (73,4 мың жұп) және Алматы (57,9 мың жұп) облыстары тұр.
«2022 жылдың бірінші тоқсанында отандық өндірушілер халық сұранысының тек 4,2%-ын ғана қанағаттандырған. Яғни, бүкіл нарық импортқа тәуелді деуге болады. Қаңтар-наурыз аралығында елге сырттан 6,9 млн жұп аяқ киім әкелінген. Бір қуантарлығы, бұл көрсеткіш 2021 жылғыдан 2,6 есе аз», делінген ақпаратта.
2022 жылдың мамыр айындағы қорытындысы бойынша, аяқкиім бағасы 9,7%-ға өскен. Өңірлердегі қымбаттау деңгейі әртүрлі. Қостанай облысында 4,9% болса, Маңғыстау облысында 19,5% өскен. Бір жыл ішінде балалар аяқ киімі 14,2%-ға, әйелдер аяқ киімі 8,8%-ға, ерлер аяқ киімі 7,9%-ға қымбаттады.