4%-дық автонесие бойынша 2 банк қана өтініш қабылдайды

4%-дық автонесие бойынша 2 банк қана өтініш қабылдайды

4%-дық автонесие бойынша 2 банк қана өтініш қабылдайды
ашық дереккөзі
Индустриялық даму қоры 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие бағдарламасын қаржыландыру туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Қор Еуразиялық банк пен Қазақстан Халық банкіне жеңілдетілген автонесиелерді қаржыландыру бағдарламасы бойынша кезекті транштарды бөлу туралы хабарлады. Бөлінген лимиттер мөлшері:
  • «Евразиялық банк» АҚ - 10 миллиард теңге;
  • «Қазақстан Халық банкі» АҚ - 7,5 миллиард теңге.
Бағдарлама бойынша қатысушы банктерге барлығы 90 миллиард теңге аударылған.
«Бүгінде қатысушы банктер жалпы сомасы 82 миллиард теңгеге 10 888 өтінімді мақұлдап, 4 847 автокөлік берді. Жалпы сомасы 90 миллиард теңгенің бөлінбеген лимиті - 8 миллиард теңге. Осы сома шегінде автонесие алуға өтінішті тек «Еуразиялық банк» АҚ мен «Қазақстан Халық банкі» АҚ қабылдайды. Бағдарламаға қатысушы қалған банктер бөлінген лимиттерді толық игерді», делінген хабарламада.