Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды

Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды

Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды
ашық дереккөзі
Қызылордалық полицейлер тағы да ірі есірткі алқабын жойды деп хабарлады turkystan.kz. Бұл мақсатта Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр департаменті бірлесіп жедел іс-шара жүргізді. Нәтижесінде Қызылорда қаласының 34 жастағы қала тұрғынының Шиелі ауданына қарасты далалық жердегі қалың сексеуіл арасында 1 665 түп сора өсімдігін еккені анықталды. «Күдікті Шиелі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен және 300 -бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.