AMANAT: Қостанайда референдумға атсалысқан партия белсенділері марапатталды

AMANAT: Қостанайда референдумға атсалысқан партия белсенділері марапатталды

AMANAT: Қостанайда референдумға атсалысқан партия белсенділері марапатталды
ашық дереккөзі
Бүгін AMANAT  партиясының  Қостанай облыстық филиалында референдум кезінде халық арасында түсіндіру ақпараттық насихаттау жұмыстарында белсенділік танытқан штаб мүшелеріне   ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың  алғыс хаттары табысталды деп хабарлады turkystan.kz. Марапаттау рәсіміне облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы Бибігүл Аққожина қатысып,  партиялық штаб мүшелеріне  белсенді атқарған жұмыс үшін алғысын білдірді. - Еліміз үлкен өзгерістер қарсаңында тұр. Президент ұлтаралық достықты, бейбітшілікті сақтай отырып, күрделі саяси реформаларды жүргізуді көздеп отыр. AMANAT партиясы әрдайым жүргізіліп жатқан реформалардың алдыңғы қатарында болып, ел Президентінің конституциялық реформаларына жан-жақты қоғамдық қолдауды қамтамасыз етеді. Сіздерге агитациялық кезеңде ауқымды жұмыс жасағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз! Баршаңызға зор денсаулық, еңбекте мол табыс, сәттілік тілеймін, - деді атқарушы хатшы. Азаматтарға референдумның мәнін түсіндіру үшін республикалық, өңірлік және аумақтық партия штабтары құрылды. Өңірде AMANAT партиясы филиалының  жанынан  21 штаб жұмыс істеді, оған 469 адам кірді (партияның республикалық штабының құрамында біздің өңірден 7 адам жұмыс істеді) аудандық , қалалық, ауылдық  тұрғындар арасында  ақпараттық -насихаттау жұмыстары аясында 23,8 мың адамды қамтитын 824 іс – шара өткізілді. Аталған шаралар барлық БАҚ да жарық көріп, халық назарына ұсынылып отырды. - Мемлекет басшысы заң алдында бәрі тең болсын деп, келешек үшін өте маңызды қадам жасады деп санаймын. Түсіндіру жұмыстары кезінде халыққа саяси реформа мен референдум жайында толыққанды жұмыстар жүргізілді, жан-жақты ақпарат берілді. Соның арқасында біздің өңірде референдумда дауыс берушілер де белсенді болды. Халық оң өзгерістерге сенім артуда -, деді республикалық штаб мүшесі Қызмызы Жанбыршина. Аймақтық партия филиалында бастау алған марапаттау рәсімі барлық  аумақтық филиалда жалғасып, аудандық және қалалық штаб мүшелеріне табысталады.