Астанада Бүкіләлемдік Боксшылар кеңесінің конвенциясы өтеді

Астанада Бүкіләлемдік Боксшылар кеңесінің конвенциясы өтеді

Астанада Бүкіләлемдік Боксшылар кеңесінің конвенциясы өтеді
ашық дереккөзі
Астанада халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесі аясында Бүкіләлемдік боксшылар кеңесінің (WBC) жыл сайынғы 55-ші конвенциясы өтеді. WBC ұйымының Холливудта өткен (Флорида штаты) 54-ші конвенциясындағы өтінішін Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин мен вице-президент Виктор Демьяненко сәтті қорғап шықты.
Аталған шараны өткізуге ұмтылыс танытқан елдердің қатарында Катар мен ОАР бар болатын. WBC ұйымы 1963 жылы 11 бокс федерациясының өкілдері тарапынан құрылды. Ұйымның штаб-пәтері Мексиканың астанасы Мехико қаласында орналасқан. Бұл әлемдегі ең ықпалды боксшылар ұйымы, ал, WBC бокс әлеміндегі ірі оқиғалардың бірі саналады. Бүкіләлемдік бокс федерациясының президенті (WBC) -Маурисио Сулейман. Қазақстан конвенцияларға 1990 жылдардан бері қатысып келеді және ол ТМД көлемінде осындай жоғары дәрежедегі беделді шара өтетін Ресейден кейінгі екінші орында тұрған мемлекет. WBC конвенциясы әлемнің ең беделді деген тұлғаларын елімізбен таныстырудың тамаша мүмкіндігі. Осындай конвенцияларды ұйымдастыру жағынан үлкен тәжірибесі бар қазақстандық промоутер Болат Манкеновтың айтуынша, Қазақстанға кәсіби бокстағы аты әлемге танылған мықты боксшылар мен промоутерлер, менеджерлер мен әлемдік рейтингтік құрылымдардың өкілдері келеді.
Бұл ретте Астана конвенциясына Эвандер Холифилд, Майк Тайсон және Геннадий Головкин сияқты атағы жер жарып тұрған спортшылардың келетіні туралы айтсақ та жеткілікті. Тағы айта кететін мәселе - Геннадий Головкинге WBC ұйымының 54-ші конвенциясы аясында ең қарқынды спортшы ретінде арнайы марапт тапсырылды. Сонымен қатар ол орта салмақтағы боксшылар арасында қарсыластарын ең көп нокаутқа түсірген боксшы ретінде Гиннестың рекордтар кітабының сертификатына ие болды. Осы шара кезінде Гловкиннің британиялық Келл Брукпен кездесуі жыл оқиғасы ретінде аталды. Бұған қоса Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожиннің айтуынша, конвенцияның Астанада ұйымдастырылуы елде бокс спортының кең ауқым алып, дамуына ерекше серпін береді.