Алматыда тірі адамды қайтыс болғандар тізіміне қосып қойған

Алматыда тірі адамды қайтыс болғандар тізіміне қосып қойған

Алматыда тірі адамды қайтыс болғандар тізіміне қосып қойған
ашық дереккөзі
Алматы тұрғыны бір жыл бойы қайтыс болғандар тізімінде жүрген деп хабарлады turkystan.kz. Қалалық прокуратура мәліметінше, 2019 жылы Б. есімді әйел жалған құжат жасаған. Ол өз құрбысы А-ның жеке куәлігіне өз суретін жапсырып алған. 2021 жылдың қыркүйегінде Б. ауруханада көз жұмады. Осыдан кейін Түрксіб ауданының АХАТ бөлімі оның деректерін «қайтыс болды» деген базаға енгізген.
«Осы кезден бастап әйел адам мемлекеттік қызметтерді, кепілдендірілген тегін медициналық көмекті пайдалануға мүмкіндігінен айырылған. Өйткені ол барлық органда қайтыс болғандар тізімінде жүрген», – деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Осыдан кейін азаматша прокуратураға жүгініп, барлық мән-жайды тексерулерін өтінген.
«Сотқа өз бетінше жүгіну мүмкін емесін ескере отырып, Түрксіб ауданының прокуратурасы арызданушының мүддесін көздеп, қайтыс болғаны туралы жазбаның күшін жою туралы арызды сотқа жолдады. АХАТ талап арызды мойындады және өлім туралы жазбаны жойды», – деп толықтырды ведомство өкілдері.
Нәтижесінде, құжатты қолдан жасау фактісі бойынша полиция соталды тергеуді бастады.