Шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

Шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады?
ашық дереккөзі
Қазақстанда шілде айында екі мереке - Елорда күні мен Құрбан айт тойланады деп хабарлады turkystan.kz. Биыл Астана күні – 6 шілде, яғни сәрсенбіге түсіп тұр. Ол күні бес күн жұмыс істейтіндер де, алты күн жұмыс істейтіндер де бір күн демалады. Ал мұсылман күнтізбесіне сәйкес биыл Құрбан айттың бірінші күні – 9 шілде, сенбіге түседі. Қосымша демалыс қарастырылмаған. Шілдедегі демалыс күндері: - Бес күн жұмыс істейтіндер үшін 20 жұмыс күні және 11 демалыс күні бар. - Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 жұмыс күні және 6 демалыс күні бар.