Жаңалықтар

Экономиканы арттыру үшін кәсіпкер құқығы қорғалу керек – Асхат Оразхан

ашық дереккөзі

Экономиканы арттыру үшін кәсіпкер құқығы қорғалу керек – Асхат Оразхан

Алматы қаласында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бастамасымен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өтті деп хабарлады turkystan.kz. Талқылауға мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП басшылары, қоғам қайраткерлері мен кәсіпкерлік қоғамдастық қатысты. Іс-шара басында Алматы және Жамбыл облыстарындағы кеден бекеттерінің басшылары кәсіпкерлер үшін кедендік рәсімдер мәселелері бойынша кеңес өткізді. Дөңгелек үстел соңында Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов талқылауда айтылған мәселелердің 90 пайызы өңірлік деңгейде шешілуі мүмкін екенін жеткізді. Ал түйткілді сұрақтардың басым бөлігін реттеуді «Атамекен» ҰКП өз бақылауына алатын болды.