Пан Ги Мун: Сирия халқының үмітін ақтай алмадық

Пан Ги Мун: Сирия халқының үмітін ақтай алмадық

Пан Ги Мун: Сирия халқының үмітін ақтай алмадық
ашық дереккөзі
БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун өзінің осы лауазымдағы соңғы баспасөз мәслихатында халықаралық ұйымның Сирия халқының үмітін ақтай алмағандығын айтты.
Бұл туралы Риа Новости хабарлады. «Алеппо енді «тозақ» деген ұғымның синонимі болады, деді ол.
«Біздің барлығымыз Сирия халқының үмітін ақтай алмадық. Бейбітшілік оған шын жаның ашып, адам төзгісіз жиіркенішті қылмыстарға, әділетсіздікке зор жауапкершілікпен қарағанда ғана салтанат құрады»,-деді Пан Ги Мун.
Осыған дейін 16 желтоқсан, жұма күні Сирия әскері Алеппоның шығыс орамдарын тазарту жұмыстарын аяғына жеткізді. Өз кезегінде бұл жағдай Сириядағы қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге мүмкіндік берді деп мәлімдеді РФ ӘК Бас штабының Бас жедел басқармасының бастығы генерал-лейтенант Сергей Рудской.
БҰҰ Бас Ассамблеясы Португалияның бұрыңғы премьер-министрі Антониу Гуттеришті 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталмыш ұйымның Бас хатшысы лауазымына бекіткен болатын.
67 жастағы Гуттериш бұл қызметте Біріккен Ұлттар Ұйымын қатарынан екі мерзім басқарып келген 72 жастағы Пан Ги Мунды алмастырады. Жаңа Бас хатшы екінші мерзімге қайта ұсынылу құқығымен 5 жылға сайланды. БҰҰ басшысын таңдау процесі шілде айының соңында басталды. Әуелде аталмыш лауазымға 13 адам бақ таластырды, оның жетеуі - әйелдер. Жабық түрдегі дауыс берудің барлығы 7 кезеңі өтті. Олардың барысында Гуттериш жалғыз үміткер болып қалды. Антонио Гуттериш 1949 жылы Лиссабонда дүниеге келді. Ол Португалия үкіметін 1995-2002 жылдар аралығында басқарды. 2005-2016 жылдар кезеңінде Гуттериш БҰҰ-ның босқындар жөніндегі жоғарғы комиссары қызметін атқарды.