Шегірткемен күреске бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінді

Шегірткемен күреске бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінді

Шегірткемен күреске бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінді
ашық дереккөзі
Елімізде жайылым зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстары қайта қолға алынбақ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Алмабек Марс мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. 
«Шегірткелермен күресуге ерекше көңіл бөлінеді. Биыл үйірлі шегірткелер 997,2 мың гектар алаңда таралған. Оның ішінде итальяндық прус – 760,6 мың гектар, азиялық шегірткелер – 201,0 мың гектар және марокко шегірткелері – 35,5 мың гектар жерден анықталды. Сонымен қатар саяқ шегіртке зиянкестері 270,0 мың гектар алаңнан байқалды», – деп атап өтті ведомство басшысы.
Сонымен қатар ол зиянкестерге қарсы қазынадан қанша қаражат бөлінгенін айтты.
«Жалпы, шегірткелерге қарсы күреске республикалық және жергілікті бюджеттерден 2,5 млрд теңге бөлінді. Үйірлі шегірткелерге қарсы шаралар жүргізу үшін пестицидтердің әртүрлі препараттары сатып алынды. Өңірлерде облыс әкімдерінің орынбасарлары басқаратын жедел штабтар құрылды және химиялық өңдеуді ұйымдастыру жоспарлары бекітілді», – деді комитет төрағасы.