Жаңалықтар

Шомылу маусымы басталғалы 36 адам суға кеткен

ашық дереккөзі

Шомылу маусымы басталғалы 36 адам суға кеткен

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов биыл суға кеткендер статистикасымен бөлісті деп хабарлады turkystan.kz.  «Суға түсу маусымы басталғалы 36 адам суға батып кетті, оның 19-ы бала», – деді спикер онлайн брифингте. Бауыржан Сыздықовтың айтуынша, жыл басынан бері судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 81 адам, оның ішінде 32 кәмелетке толмағандар суға кеткен. Ол 2021 жылы осы кезеңде 125 адам суға кеткенін, оның ішінде 64 бала, ересектер өлімі 35,2 пайызға, балалар 2 есеге азайғанын хабарлады. Бұл ретте Сыздықов судағы оқыс оқиғалардың көбі су қоймасына құлап кету, жүзе алмау, мас күйінде суға түсу, балық аулау кезіндегі ережелерді бұзу сияқты факторларға байланысты. Еліміздің су айдындарында жүргізілген профилактикалық жұмыстар аясында жыл басынан бері 50 адам, оның ішінде 10 бала құтқарылған. Суға түсу маусымы басталғалы 7 адам құтқарылды, олардың қатарында бір бала бар.