Жаңалықтар

AMANAT-тың Атқарушы хатшысы азаматтарды қабылдады

ашық дереккөзі

AMANAT-тың Атқарушы хатшысы азаматтарды қабылдады

AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады. Ол түрлі өңірлерден түскен өтініштерді офлайн және онлайн форматта қарады. Тұрғындар көтерген жеке және жүйелі сипаттағы мәселелерді шешу заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етеді. Ақмола облысы Егіндікөл ауылының тұрғыны Светлана Гурбанова сумен жабдықтауда ұшырасып отырған проблемалары туралы айтты. Айта кетейік, AMANAT партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жыл басынан бері 65 мыңнан астам адам жүгінген. Тұрғындарды негізінен әлеуметтік қамсыздандыру – 30%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 16%, тұрғын үймен қамтамасыз ету және жер учаскелерін бөлу – 11% толғандырады. Мемлекеттік органдардың басшылары мен түрлі деңгейдегі депутаттар 13 мыңнан астам қабылдау өткізіп, оның барысында 36 мың адамның талап-тілегі тыңдалды. «Мобильдік қоғамдық қабылдаулар» жобасы аясында 4 ай ішінде партиялықтар еліміз бойынша 578 ауылды аралап, 5 мыңға жуық азаматты қабылдады.