Данияр Елеусіновтің чемпиондық жекпе-жегі кейінге шегерілді

Данияр Елеусіновтің чемпиондық жекпе-жегі кейінге шегерілді

Данияр Елеусіновтің чемпиондық жекпе-жегі кейінге шегерілді
ашық дереккөзі
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (12-0, 8 КО) пен украиндық Иван Голубтың (20-1, 15 КО) кездесуі белгісіз мерзімге ауыстырылды деп хабарлады turkystan.kz nege.kz сайтына сілтеме жасап. Елеусінов пен Голубтың жекпе-жегі 25 маусымда АҚШ-та өтеді деп жоспарланған еді. Қазақстандыққа тиесілі IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы титулы сарапқа салынған. Ұйымдастырушылар айқастың қашан өтетінін әзірге айтпады. Данияр Елеусінов IBO белбеуін желтоқсанда аргентиналық боксшы Хуан Эрнан Леалді (15-3, 4 КО) төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіп алған еді. Содан бері Елеусінов рингке шықпады.