Маңғыстау облысында құстар қырылып жатыр

Маңғыстау облысында құстар қырылып жатыр

Маңғыстау облысында құстар қырылып жатыр
ашық дереккөзі
Балықшылар Маңғыстау облысының Баутино және Аташ кенттерінде жағалаудан 160 өлі суқұзғын тапқан деп хабарлады turkystan.kz.   Бұл туралы Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Тұрғанбай Шапағатов мәлімдеді. Оның айтуынша, мамандар суқұзғындардан адам әрекеттерінің белгілерін таппаған. «Құстар Қызыл кітапқа енбеген. Адамдардың бұған қатысы жоқ, олардың қырылуы экологиямен байланысты болуы мүмкін. Экология мамандары су, ауа сынамасын және құстардың етінен материалдар алды. Нәтижесі келсе, міндетті түрде хабарлаймыз. Біз олардың жаппай қырылуын 2-3 күн бұрын болған қатты дауылмен байланыстырып отырмыз», - деді Тұрғанбай Шапағатов. Еске салсақ, бұған дейін өңір тұрғындары Форт-Шевченко ауданында су айдынынан қырылып қалған құстарды видеоға түсіріп алған болатын. Мамандар құстардың қырылу себебін анықтауға кірісті.