Жаңалықтар

Ауыл мұғалімі 400 мың теңгеге жуық жалақы алады – Асхат Аймағамбетов

ашық дереккөзі

Ауыл мұғалімі 400 мың теңгеге жуық жалақы алады – Асхат Аймағамбетов

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Павлодар облысына жұмыс сапарымен барып, ауыл мұғалімдерімен кездесті деп хабарлады turkystan.kz. «Жетекші ауылының мектебінде мұғалімдермен әңгімелесіп, оқу бағдарламалары мен жазғы мектептің қорытындысын талқыладық. Сондай-ақ жалақы тақырыбы да назардан тыс қалмады. Мысалы, 12 жылдық тәжірибесі бар информатика пәнінің мұғалімі жалақысы 400 мың теңгеге жуық екенін және бұл ауыл мектебі үшін жақсы табыс екенін айтты» деп жазды министр. Сондай-ақ ол мектепте сабақ өткізуге жақсы жағдай жасалғанымен, «Оқуға құштар мектеп» жобасы тиісті деңгейде орындалмағанына тоқталды. Сатып алынған әдебиеттер министрліктің ұсынысына сай келмейтінін, балаларға қызықты басылымдар аз екенін де ескертті.