Елорда маңындағы өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды

Елорда маңындағы өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды

Елорда маңындағы өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды
ашық дереккөзі

Елорда маңында болған өртті сөндіруге МИ-8 ұшағы жұмылдырылды деп хабарлады turkystan.kz.   Өрт 20 маусым күні сағат 15.00-де басталды. Қорғалжын тас жолы бойындағы үлкен Талдыкөл көліндегі қамыс өртенген.

«Қолжетімділігі қиын сулы-батпақты жерлердегі ашық аумақта шамамен 6,5 га жалпы алаңда қамыс өртенді. «Астана Орманы» МКК күшімен өрт периметрі бойынша жер жыртылды. Өрттің «Нұр-Сұлтан қаласының жасыл белдеуіне» таралу қаупі жоқ», – деді ведомство өкілдері.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 122 қызметкері, 30 бірлік техникасы мен коммуналдық қызметтер жұмылдырылды. Ал бүгін, 21 маусым сағат 08.09-да Нұр-Сұлтан аэродромынан «Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы ұшып кетті.