Абай облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қайтыс болды

Абай облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қайтыс болды

Абай облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қайтыс болды
ашық дереккөзі
Көкпекті ауданында «Васильев» өткелінде жол талғамайтын көлік аударылды деп хабарлады turkystan.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 19 маусымда сағат 15:37 шамасында 45 жастағы жүргізуші басқарған Mitsubishi Pajero «Васильев өткелі – Көкпекті» бағытының 72/97 шақырымында қатты жылдамдықпен келе жатып, көлікті басқара алмай аударылған. Көліктің ішінде үш жолаушы болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан дене жарақаттары салдарынан 41 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. 45 жастағы жүргізуші және кәмелетке толмаған екі жолаушысы (2008 ж.т. және 2010 ж.т.) түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. «Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот сараптамасы тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады» делінген ведомство хабарламасында.