Facebook жалған ақпаратты анықтайтын әдіс енгізді

Facebook жалған ақпаратты анықтайтын әдіс енгізді

Facebook жалған ақпаратты анықтайтын әдіс енгізді
ашық дереккөзі
Facebook әлеуметтік желісі қолданушыларға жалған ("фейк") жаңалықтармен күресуге мүмкіндік беретін әдіс енгізді. Бұл туралы компания мәлімдемесінде айтылған, дейді BAQ.kz.
Енді өз парақшасындағы жаңалықтар таспасынан жалған ақпаратты аңғарған қолданушы күмәнді посттың оң жақ шекесін басып, сол жердегі белгілердің арасынан хабарламаның жалған екені туралы белгіні басады. Facebook сезікті ақпаратты деректердің шынайылығын тексерумен айналысатын ұйымдарға жібереді. Егер сарапшылар әлгі ақпараттың жалған екенімен келісетін болса, оған "даулы" деген статус беріледі. Ол ақпарат әлеуметтік желіден жоғалып кетпейді, оны басқа қолданушылармен бөлісе де аласыз. Бірақ әлгіндей белгісі бар хабарды басқа қолданушымен бөлісетін болса, қолданушыға "даулы" жаңалық туралы тағы бір ескерту келеді. "Даулы" хабарламалар Facebook қолданушыларының жаңалықтар таспасынан сирек көрінетін болады. Бұған қоса Facebook әлеуметтік желіде спам таратушыларға шынайы ақпараттық ұйымдар атынан әрекет жасауға тосқауыл қоятын алгоритм енгізбек. Компанияның жаңалықтармен жұмыс бойынша вице-президенті Джон Хеджменнің айтуынша, әлеуметтік желі әкімшілігі жалған жаңалық таратумен кұресу қажеттігін түсінеді, алайда сонымен бірге Facebook ақпаратпен еркін алмасу қызметін атқаратын платформа рөлін жоғалтқысы келмейді.