Колумбияның жаңа президенті сайланды

Колумбияның жаңа президенті сайланды

Колумбияның жаңа президенті сайланды
ашық дереккөзі
Жексенбі күні Колумбияда өткен президенттік сайлауда Густаво Петро жеңіске жетті деп хабарлады turkystan.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Петроға сайлаушылардың 50,46 пайызы дауыс берген. Оның қарсыласы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы билеушілер лигасы» саяси қозғалысының өкілі Родольфо Эрнандеске 47,28 пайыз дауыс берген. Дауыс берушілер халықтың 58,6 пайызын қамтыған. Сонымен қатар Франсиа Маркес вице-президент болатыны белгілі болды.