Осакаров ауданының атауы өзгертілді

Осакаров ауданының атауы өзгертілді

Осакаров ауданының атауы өзгертілді
ашық дереккөзі
Енді Қарағанды облысындағы Осакаров ауданы «Сарыбел» деп аталады деп хабарлады turkystan.kz. Аудан әкімдігінің мәліметінше, аудан атауы өзгергенімен, Осакаров кентінің атауын ауыстыру туралы мәселе көтерілмеген. Ол сол күйінде қала бермек.
«Сарыбел»  –  бұл аймақтың тарихи атауы. Бұл мәселені Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ профессорлары мен доценттері терең зерттеп келеді. Барлық ауылдық округтер мен кенттер бойынша тыңдаулар өтті. Хабарландырулар аудандық әкімдіктің және мәслихаттың ресми сайттарында, аудандық «Сарыбел КЗ» және «Сельский труженик» газеттерінің парақшасында жарияланды. Тыңдауға Қоғамдық кеңес мүшелері, жергілікті қоғамдастықтар және аудан тұрғындары қатысты. Барлық сұрақтарға түсініктемелер мен жауаптар берілді», –  деп хабарлады Осакаров ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ ведомствоның айтуынша, ауданның атауын өзгерту кезінде тұрғындар ешқандай шығын шығармайды.