Елордада мұғалімдер жетіспейді

Елордада мұғалімдер жетіспейді

Елордада мұғалімдер жетіспейді
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше пән бойынша сабақ беретін мұғалімдер жетіспейді деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы елорда әкімдігінде өткен қоғамдық кеңес отырысында белгілі болды.
«Мектептерде негізінен орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдері - 2 720 маман, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 680 маман, математика мұғалімі– 1 020, ағылшын тілі – 1 360, орыс тілінде оқытатын химия және биология мұғалімдері – 340 маман қажет. Сонымен қатар арнайы білімі бар мектепке дейінгі мекемелерге 1 656 тәрбиеші керек», - деді қалалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев.
Сонымен қатар басқарма басшысы астанада медицина мамандарын даярлау бойынша 240 өтініштің келіп түскенін айтты.
«Өтінішке сәйкес қаламызға отбасылық медицина бойынша 78 маман, педиатрия – 14, акушерия және гинекология - 17, ересектер мен балалардың анестезиологиясы және реаниматологиясы - 15, физикалық медицина және оңалту - 15 және басқа да мамандар даярлау қажет. Сондай-ақ, Дене шынықтыру және спорт басқармасының өтініші бойынша 50 маман даярлау қажеттігі туындап отыр. Сол секілді Дін істері басқармасынан 15 орын белгіленді. Оның ішінде исламтану, дінтану мамандарын әзірлеу қажет», - деді ол.