«100 миллиард теңгені халыққа таратып беру керек» – депутат

«100 миллиард теңгені халыққа таратып беру керек» – депутат

«100 миллиард теңгені халыққа таратып беру керек» – депутат
ашық дереккөзі
Депутат Аманжан Жамалов Министрлер кабинетінің азық-түлік бағасын тежеу үшін жүргізіп жатқан шараларын сынға алды деп хабарлады turkystan.kz.          Бұл туралы ол Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты. Мәжілісмен инфляция мәселесіне тоқтала келе, елімізде халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың мақсатты шаралары қажет екенін атап өтті.
«Үкімет бағаның өсуін тежеу ​​үшін сауда желілерін жеңілдікпен несиелеуді қолданады. Оған 81 миллиард теңге кеткен. Тағы 16,8 миллиард теңге тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға жұмсалды. Жалпы сома 100 млрд теңгеге жуық болып тұр. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Баға өсті. Бұл ақшаны сауда желілеріне емес, халыққа тікелей таратқан дұрыс. Бізде 1 миллионға жуық кедей адам бар, бағаның өсуінен олар ең көп зардап шегіп отыр», – деді депутат.