Бас прокуратура: қаңтар оқиғасынан кейін 25 адамды үтікпен азаптаған

Бас прокуратура: қаңтар оқиғасынан кейін 25 адамды үтікпен азаптаған

Бас прокуратура: қаңтар оқиғасынан кейін 25 адамды үтікпен азаптаған
ашық дереккөзі
Қаңтар оқиғасына қатысты деген күдікпен 25 адамды қызған үтікпен азаптаған. Бұл туралы Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығы Cерік Шалабаев айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Қазіргі уақытта 8 резонансты істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Бұл істер бойынша 15 құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері күдікті ретінде танылды, оның 9-ы қамауда. Атап айтқанда, Алматы облысында қызған үтікті пайдалану арқылы азаптау ісі бойынша 25 адам жәбірленгені анықталды. Барлық арызданушылар азаптауды қолданудың ұқсас тәсілін сипаттады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Шалабаевтың айтуынша, жедел-тергеу әрекеттердің нәтижесінде арнайы прокурорлар 5 полиция қызметкерінің үтікпен азаптауға қатысы бар екендігі анықталған. Олардың үшеуі кінәсін мойындап отыр.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облыстық департаментінің екі қызметкеріне қатысты тергеу әрекеттерін аяқтадық. Олар ұсталған адамды ұрып-соғып, өлтірген деген күдікке ілінді», - деді қызмет бастығы.