Қай жастағы балалар пойызда тегін жүре алады?

Қай жастағы балалар пойызда тегін жүре алады?

Қай жастағы балалар пойызда тегін жүре алады?
ашық дереккөзі
Балалардың тегін жол жүруі үшін саяхат шығындары едәуір азаятын болды деп хабарлады turkystan.kz.     «Қазақстан Темір Жолы» АҚ ережелеріне сәйкес балаға жеке орын қажет болған жағдайда балалар билетін сатып алу қажет.
«Балалар билеттері 7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға алынуы керек және олардың құны ересектер билетінің жартысына тең. 15 жастан бастап бала өздігінен жүре алатындықтан, оған ересек билет сатып алынады», –  делінген хабарламада.
Бұл ретте 15 жасқа дейінгі балалар міндетті түрде заңды өкілдерімен немесе сенімхат бойынша жүруі тиіс.
«Егер бірнеше бала болса, онда сіз олардың біреуін ғана тегін алып жүре аласыз, тек ол бөлек орын алмауы керек. Бөлек орын үшін билет керек», –   деп айтылған компания жазбасында.
Мемлекетаралық тасымалдарға келетін болсақ, бес жасқа дейін балалар орын ұсынбай тегін жүре алады. 5 жастан 10 жасқа дейін жол жүру құны – балалар тарифі бойынша; 10 жастан 15 жасқа дейін Қазақстан ішіндегі билет толық құнның 50 пайызын, ал басқа мемлекет аумағы бойынша толық тарифті құрайды.