БҚО-да қаңғыбас иттермен күреске тағы 8 миллион теңге бөлінеді

БҚО-да қаңғыбас иттермен күреске тағы 8 миллион теңге бөлінеді

БҚО-да қаңғыбас иттермен күреске тағы 8 миллион теңге бөлінеді
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев өңірде қаңғыбас иттер өткір мәселелердің бірі екендігін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Қаңғыбас иттерді аулау, чип тағу және стерильдеуге қатысты ветеринарлық қызметті мемлекеттік-жекеменшік құзыретіне бергенбіз. Бұл бағыттағы жұмыс 2 жыл бойы қарқынды жүріп келеді. Қаңғыбас иттер тұрғындардың өміріне қауіп төндірсе, «109» қызметіне хабарласа алады. Орталыққа келіп түскен шағымдарға қатысты шұғыл шешім қабылданады. Топ болып жүретін иттерді аулап, адам өміріне қауіп төндірген жағдайда көзін жою шарасы қолданылады», - деді Ғали Есқалиев.
Аймақ басшысының мәліметінше, ауланған бұралқы иттердің 20-25 пайызының көзі жойылады. Қалғанын емдеп, стерильдеп, чип тағып, қайта босатады.
«Қаңғыбас иттерді аулау мәселесі қалалық мәслихатта қаралып, қосымша қаржы бөлінеді. Себебі қазір тұрғындардан келіп түсетін шағым саны артқан. Біздің өңірде қаңғыбас иттермен күресуде үлгі тұтатындай аудандар да бар. Ол жерде иттерді арнайы орында ұстап, күтіп-баптайды. Иттерді аулап, оларға ветеринарлық қызмет көрсету бойынша 3 жылға арналған байқау өтті. Жобаның құны 61 миллион теңгені құрайды. Қосымша тағы 8 млн теңге бөлінетін болады», – деді ол.