Жастар жақсы өмірдің біздің еңбегімізбен, біздің буынның арқасында келгенін бағаласын - Нұрсұлтан Назарбаев
Жастар жақсы өмірдің біздің еңбегімізбен, біздің буынның арқасында келгенін бағаласын - Нұрсұлтан Назарбаев
"Хабар" телеарнасының эфирінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай "Тәуелсіздік тағылымы" арнайы жобасы көрсетілді. Жобаға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев және елдегі саяси қайраткерлер қатысты. Осы жобада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзін бақытты саясаткер деп атап, билікке келген саясаткердің не жайлы ойлауы керек екенін айтып берді, дейді BAQ.kz тілшісі.
"Елдегі жоғары билікке келгісі келетін адам немен, қандай жоспарлармен келетінін, не істегі келіп, мемлекет пен халықты қандай биікке көтере алғысы келетінін нақты біліп келуі керек. Егер ол ұсынғаны. өз қызметін толық орындай алса, ол бақытты саясаткер. Жасырмай айтайын, мен сондай саясаткермін. Сол үшін де тағдырыма және бірге еңбек еткендердің бәріне ризамын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар Елбасы ұзақ жасау мен үнемі бақуатты болып жүретін энергияны қайдан алатынын да айтты.
"Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енгізуге деген арманымыз бар. Біз соған ұмтыламыз және "Қазақстан-2050" стратегиямыз осы отыздыққа жақындау үшін барлығын жасап жатыр, барлығы қамтылған. Инновациялық даму да, "Нұрлы жол" да, аграрлық бизнес те, денсаулық сақтау да, білім беру де, адам ресурстары да - соған сәйкес қылу үшін барлығын жасап жатырмыз. Сонда адамдар осы отыз елдегі халық секілді жақсы өмір сүретін болады. Бұл арман, арман болса, өмір әрқашан ұзақ, себебі сол арманға қол жеткізу керек. Арман болса, энергия пайда болады, сол арманды орындауға жұмсалуы керек. Сіздер мен бізде сондай арман бар. Жүзеге асыру үшін талмай еңбектенеміз", - деді Елбасы.
Ал адамға энергия, күш-қуат беретін арманды орындау үшін, жастарды лайықты білім мен еңбекке баулу керек.
"Бұл мені қатты алаңдатады, осы заманғы талаптардың деңгейіне барлығымен бірлесіп қалай шығамыз? Егер осы қарқынмен жұмыс істейтін болсақ, 25 жыл бойы бірлесе, сеніммен жұмыс істесек, қол жеткіземіз", - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
"Жас буынға осылай бола салғандай көрінеді. Біреудің айтқаны бар еді, жамандық та, жақсылық та ұмытылады деп, өкінішке қарай, жақсылық тезірек ұмытылады. Сондықтан біз бұл туралы айтып отыруымыз қажет. Осының бәрін өз иығында арқалап өткен адамдарға, оның ауыртпалығын бәрі білетіндей көрінеді. Жоқ, біз жас кезімізде ата-анамыз не көргенін білдік пе? Сосын, тарихты оқи отырып, бір нәрселерді түсіндік, бірақ, жеңіл түрде, басқаша. Сондықтан баршаңызға айтылған сөздер үшін алғысымды білдіремін. Мен әрбіріңіз: "Мен бәрін айтпадым, ананы еске түсіру керек еді, мынаны еске түсіру керек еді", деп ойлап отырғандарыңызға сенімдімін. Мен сіздерді түсінемін. 25 жылдықтың биігінде отырғанда қандай ойлар келеді? Ең алдымен осынша күшпен жеткендегіміз әрбір адамның жеке және жалпы халықтың бақыты, өйткені қазақтар мен қазақстандықтар тарихында біздің азаматтарымыз мұндай өмір кешпеген деп толық сеніммен айта аламын. Осыны біреу жоққа шығарып көрсінші. 1993 және 2015 жылды салыстырып көрейік. Ал 2015 жыл дағдарыс жылы еді. Ал 2014 жылды алсақ, біз 25 есе өстік. Ал сатып алу мүмкіндігін салыстырсақ, Қазақстан 35 есеге өсті. ЖІӨ бойынша да дәл осындай көрсеткіштер. Біз расымен "экономикалық ғажайыпқа" қол жеткіздік, мұны мойындау керек. Біз адам өмірін 21 есеге жақсарттық, олардың табысын. Біз 25-30 жасқа келген жас буында тәрбиеледік. Бұл буын өсіп, біз көрген қиындықтар туралы білмеді, осы әңгімелер сол азаматтарға бағытталған. Оларды жақсы өмірі біздің еңбегімізбен, біздің буынның арқасында келгенін бағаласын. Бізде шетелге шығу мүмкіндігі болған жоқ, бізді жібермейтін", - деді Елбасы.