«Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

«Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

«Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
ашық дереккөзі
Отбасы банк «Бақытты отбасы» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауды бастады деп хабарлады turkystan.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу туралы өтінім otbasybank.kz платформасында 20 маусым мен 19 шілде (қоса алғанда) аралығында қабылданады. Ол үшін Отбасы банк клиенті болу қажет және аутентификация кодын алу үшін қолда ұялы телефон болуы керек. Қосымша анықтамалар мен құжаттар қажет емес. Жүйе үміткердің деректерін тексеріп, өтініш қалыптастырады. Бағдарламаға қатысу үшін жергілікті органда тұрғын үй кезегінде тұру қажет. Өтінім бере алатын санаттар: - көпбалалы отбасы; - мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы; - толық емес отбасы (неке бұзылған сәттен бастап кемінде 3 жыл өтуі керек). «Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушылар үшін несие сомасынан 10% бастапқы жарнамен 2% жылдық мөлшерлемемен несие беріледі. Несие мерзімі – 20 жылға дейін.