Шымкентте құс фабрикасының қоймасы өртенді

Шымкентте құс фабрикасының қоймасы өртенді

Шымкентте құс фабрикасының қоймасы өртенді
ашық дереккөзі
Қала іргесіндегі өндіріс орнында картон қораптарын сақтайтын орын жанып кетті деп хабарлады turkystan.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. Аумағы шамамен 1700 шаршы метр болатын нысанның бестен бір бөлігін қызыл жалын шарпыды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт бір сағатта сөндірілді. Материалдық шығын мен өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Кәсіпорында 300 адам тұрақты жұмыс істейді. Фабрикадан күніне 350 мың дана жұмыртқа шығарылады.
«Өрттің басына бірінші келіп жеткен жеке құрамдар барлау жұмыстарын жүргізіп, «Шымкент құс» аумағында орналасқан дайын жұмыртқа өнімдерін сақтайтын қоймасында өрт орын алғаны анықталды. Өрттің орын алған көлемі 288 шаршы метр болды», - деді қалалық ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Алтынбек Толтаев.