Қазақстандық продюсер Мәншүк Мәметова туралы сериал түсіреді

Қазақстандық продюсер Мәншүк Мәметова туралы сериал түсіреді

Қазақстандық продюсер Мәншүк Мәметова туралы сериал түсіреді
ашық дереккөзі
Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы Кеңес одағының батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметоваға арнап сериал түсіретін болды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, кинокартинаның түсірілімі жақын күндері басталады
 «Армандар орындалады. Жақын арада біздің компания Мәншүк Мәметова туралы сериалдың түсіріліміне кіріседі. Біздің қолымыздан келеді және Мәншүктің аңызға айналған ерлігі ғасырлар бойы ұрпаққа беріледі деп үміттенемін», - деп бөлісті Мақсатқызы.
Фильмде басты рөлді сомдайтын қыз жас актриса - Зухра Сайпи. Сериалға режиссер Асқар Ұзабаев режиссерлік етеді.