Қазақстан интернет тарифі ең арзан елдер қатарына кірді
Қазақстан интернет тарифі ең арзан елдер қатарына кірді
Қазақстан әлемде интернеттің ең төмен тарифтері бойынша 8-орынға ие болды деп хабарлады turkystan.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.
2022 жылға арналған Интернетке қолжетімділік индексінің соңғы рейтингіне сәйкес Қазақстан интернеттің ең төмен тарифі бойынша 8-орынға ие болды. Қазақстандықтар 1 ГБ мобильді интернет үшін небәрі $0,8 төлейді. Оның үстіне Қазақстанда тариф құны төмендеп барады: бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 0,9 АҚШ долларын құраған.
Салыстырмалы түрде, көршілес Өзбекстанда айына 1 ГБ үшін 1,3 АҚШ доллары, Тәжікстанда – 3,5 АҚШ доллар төленсе, интернет тарифі 17,5 долларға жеткен Түрікменстан Африка елдері және арал мемлекеттерімен бірге аутсайдер қатарына кірді. Мобильді интернеті қолжетімді елдер ондығына Қазақстаннан басқа Ресей, Қырғызстан және Беларусь кірді. Сарапшылардың пайымынша, Қазақстандағы мобильді интернетпен қамтудың жоғары деңгейі – 96%-ды құрайды.
Израиль – 0,3 АҚШ доллары
Ресей – 0,5 АҚШ доллары
Үндістан – 0,6 АҚШ доллары
Шри-Ланка – 0,6 АҚШ доллары
Қырғызстан – 0,6 АҚШ доллары
Бангладеш – 0,7 АҚШ доллары
Италия – 0,7 АҚШ доллары
Қазақстан – 0,8 АҚШ доллары
Беларусь – 0,8 АҚШ доллары
Вьетнам – 0,8 АҚШ доллары.