Өткен тәулікте 12 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

20 маусым, 2022 / Інжу Әлихан
ашық дереккөзі
Өткен тәулікте 12 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды Өткен тәулікте Қазақстанда  коронавирус жұқтырудың 12 жағдайы тіркелді деп хабарлады turkystan.kz.    Атап айтқанда, коронавирус науқастары Нұр-Сұлтан (2 адам) және Алматы (10) қалаларында анықталды. Сондай-ақ 19 маусымдағы бір тәулікте ел өңірлерінде аталған індеттен 10 адам жазылып шықты: Нұр-Сұлтан қаласында - 5, Алматы қаласында - 3, Алматы облысында - 1, Қызылорда облысында - 1. Жалпы, пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирус 1 305 962 адамнан анықталды. Оның ішінде 1 292 162 адам індеттен сауықты.