Елордада ҚМДБ журналистерінің республикалық медиа форумы өтеді

Елордада ҚМДБ журналистерінің республикалық медиа форумы өтеді

Елордада ҚМДБ журналистерінің республикалық медиа форумы өтеді
ашық дереккөзі
Елордада 21 маусым күні «Ізгілік жаршысы» ҚМДБ журналистерінің республикалық медиа форумы өтеді деп хабарлады turkystan.kz. Медиа форумда әлеуметтік желіні қолдану әдебі, шынайы ақпаратты анықтау тәсілдері, жалған діни ұрандардан сақтану сынды тақырыптар қамтылады. Форумға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің Бас редакторы Ғабит Мүсіреп, «Айқын» газетінің Бас редакторы Амангелді Құрметұлы, «Túrkistan» газетінің Бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы, «Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы Төлен Тілеубай және танымал диктор Зейін Әліпбек, сонымен қатар ҚМДБ-ның аймақтардағы баспасөз өкілдері қатысады.