«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жаңа облыстарға барады

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жаңа облыстарға барады

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жаңа облыстарға барады
ашық дереккөзі
Бүгін Алматы облысының Байсерке станциясында «Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы өз жұмысын бастады. Мамандар жаңадан құрылған Жетісу облысына барып, шалғай станциялар мен разъездерде жұмысын жалғастырады. «Саламатты Қазақстан» – «Медициналық пойыздар» қайырымдылық жобасының бір бөлігі. Жобаның басты мақсаты – сапалы медициналық қызметке жүгінуге мүмкіндігі жоқ еліміздің шалғай станциялары мен жақын жердегі ауылдардың тұрғындарын тегін медициналық тексеру және диагностикалау.  width= Пойыз 2022 жылдың 20 маусымы мен 2 қарашасы аралығында еліміздің 67 шалғай станциясына барады: Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Қарағанды облыстары, сондай-ақ үш жаңа облыс – Жетісу, Абай және Ұлытау да тізімде бар. «Саламатты Қазақстан» – жоба бойынша екінші пойыз, сондай-ақ 23 мамырдан бастап «Жәрдем» медициналық пойызы еліміздің шалғай аудандарында тегін медициналық көмек көрсете бастады. «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары жалпы саны 60 000 адамды қамтып, дәрігерлердің қабылдауына келу саны 100 000, диагностикалық емшара 18 000, шағын хирургиялық операция 1 200 болса, 8 000 адамға стоматологиялық көмек көрсетіледі деп күтіліп отыр. Жобаны іске асыру бас серіктес «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылық қолдауының арқасында мүмкін болды.
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы жапон және неміс өндірісінің жабдықтарымен қамтылған: аппаратура қажет болған жағдайда кеңейтілген жалпы және биохимиялық талдаулар, рентгенография мен флюрография, ішкі ағзалар мен тамырлардың УДЗ-зерттеулерін, электрокардиограмма, гастрофиброскопия және диагностикалық зерттеулердің басқа да түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар биыл стамотологиялық құрылғылар да жаңартылған», – деді «Саламатты Қазақстан» пойызының аға дәрігері Арман Исайнов.
Медициналық персоналдың құрамы әртүрлі бейіндегі білікті мамандардан тұрады: терапевт, педиатр, кардиолог, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, стоматолог, рентгенолог, кардиолог, УДЗ дәрігері, эндоскопист, функционалдық диагностика дәрігері. Биыл медицина мамандарының құрамына психолог және дерматовенеролог қосылды, жобаға барлығы 36 маман қатысады.  width= Мамандандырылған медициналық пойыз 8 вагоннан тұрады: дизель-генератор вагоны, 4 медициналық вагон, 1 конференц-зал және мейрамхана, 2 купе вагон. Дизель-генератор вагоны қажет болған жағдайда төтенше жағдай кезінде шағын елді мекенді электр энергиясымен қамтамасыз ете алады.
««Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылай қолдауының арқасында мүмкін болған «Саламатты Қазақстан» пойызының қозғалыс кестесі шалғайдағы станцияларда медициналық пункттердің болмауын ескере отырып, азаматтардың өтініштері мен мемлекеттік органдардың сұранысы негізінде жасалды. Неге біз бұл жобаны қолдадық? Себебі, бұл нағыз халыққа, азаматтарымыздың денсаулығын жақсартуға септігін тигізетін әлеуметтік маңызы бар жоба. Мәселен, пандемия кезі шалғай аудандардағы тұрғындардың денсаулығына байланысты көптеген проблеманы ушықтырды. Тәжірибе көрсеткендей, бұл пойыздар өте қажет. Көптеген пациент пойыз дәрігерлерінің арқасында өмірінде бірінші рет немесе көптеген жылдан кейін алғаш рет қабылдауға келген. Сонымен қатар, біздің «Samruk-Kazyna Trust» қоры бірыңғай қайырымдылық операторы саналатын «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының еңбеккерлері де пойыз дәрігерлеріне тегін әрі толық қарала алады. Ал шалғай өңірлерде осы компаниялар тобында еңбек ететін қарапайым еңбек адамдары баршылық екені белгілі», – деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.
 width= Айта кетсек, «Жәрдем» консультативтік-диагностикалық пойызы 23 мамырда жолға шығып, Маңғыстау облысы бойынша жұмысын аяқтады және қазір Атырау облысында. «Жәрдем» пойызының мамандары 3 141 тұрғынды, оның ішінде 1 290 бала мен 1 851 ересек адамды тексерді. Дәрігерге келушілердің жалпы саны 11 955 адамды құрады. Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылай қолдауымен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қатысуымен, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК АҚ жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен бірлесіп іске асырылуда. Саламатты Қазақстан