«Тірідей көміліп қалған»: ордан екі адамның мәйіті шығарылды

«Тірідей көміліп қалған»: ордан екі адамның мәйіті шығарылды

«Тірідей көміліп қалған»: ордан екі адамның мәйіті шығарылды
ашық дереккөзі

Бұл қайғылы оқиға Атырау қаласының іргесіндегі «Жұлдыз» шағынауданында болған деп хабарлады turkystan.kz.

Трактор үйдің алдынан ор қазып жатқанда, су құбыры істен шыққан. Олар құдыққа түсіп, құбырды жөндей бастаған кезде жер опырылып, олардың үстін топырақ басып қалған.

Екеуі де тірідей қазылған орға көміліп қалып, шыға алмаған. Олардың мәйіттері шұңқырдан шығарылды, бүгін екі бірдей отбасы азаматтарынан айрылып, аза тұтып отыр.

Марқұм болғандар 32 және 22 жастағы ауыл тұрғындары екені анықталды.

«Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын бастады.