«Жақындары үйде болған»: 50 жастағы әйел балконнан құлап кетті

«Жақындары үйде болған»: 50 жастағы әйел балконнан құлап кетті

«Жақындары үйде болған»: 50 жастағы әйел балконнан құлап кетті
ашық дереккөзі

Егде жастағы елорда тұрғыны жетінші қабаттағы пәтерден құлап, көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz.

Қалалық Полиция департаментіне Достық көшесінде орналасқан үйдің балконынан әйел құлағаны туралы ақпарат түскен. Алайда алған ауыр жарақатынан ол оқиға орнында жан тапсырады.

«Қайғылы оқиғаға тап болған азаматшаның жеке басы анықталды. Марқұм құлаған сәтте оның жақындары үйде болған», – деп мәлімдеді полиция.

Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды.

ҚПК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің өзге мәліметтері жарияланбайды.