Оралда халықаралық симпозиум өтіп жатыр

Оралда халықаралық симпозиум өтіп жатыр

Оралда халықаралық симпозиум өтіп жатыр
ашық дереккөзі

15-19 маусым аралығында Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында «Сұлулық әлемді құтқарады» халықаралық симпозиумы өтіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz.

Симпозиумның мақсаты – Халықаралық дәрежедегі суретшілермен тығыз байланыс орнатып, қазақ елінің мәдениеті мен өнерін қылқалам арқылы дәріптеу.

Халықаралық суретшілердің басын қосып, тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін жоба 2018 жылдан бері өткізіліп келеді.

 width= Биыл іс-шара Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтіп жатыр. Симпозиумға 20-ға жуық суретші қатысып отыр. Жоба аясында пленэр, конференция, көрме және шеберлік сағаттары өтуде.

Аталмыш симпозиумды ұйымдастырып отырған «Batik kami» мәдени қоры – 2016 жылдан бері белсенді жұмыс атқарып келе жатқан мәдени қорлардың бірі. Бүгінде ол қазақ халқының мәдениеті мен өнерін шет мемлекеттерге таныстырып қана қоймай, ұлттық киімдерді де насихаттап жүр.  

Бұл мәдени қор жас түлектерге де жоғарғы оқу орнына түсуге жәрдемдесуде. 2019 жылы 3 бірдей түлекке Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне, 2020 жылы 2 талапкерге Алматы қаласындағы «Сымбат» дизайн және технология академия колледжіне, 2021 жылы 3 мектеп бітірушіге Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің білім гранттарын иемденуіне көмектесті.

Шығармашылық емтихандарға дайындаудың нәтижесінде талапкерлер Заман Аль-Хафиз Италия мемлекетіндегі IAAD (Istitute darte applicate a design)университетіне 50% жеңілдікпен оқуға қабылданды. 2019 жылы жыл сайын АҚШ-та суретшілердің өнерін әлемге таныту мақсатында ұйымдастырылатын «ART-Expo-New York» халықаралық галереясында «Batik Kami» мәдени қоры үздіктер қатарынан көрініп, еліміздің атынан қатысуға жолдама алды.

Аталмыш қор көрмеге 12 картина апарып, келушілердің назарын аудартты. Көрме 4 күнге созылып, картиналар сатылымға шығарылды. Шетелдіктердің қызығушылығына ие болған қор галереядан кейін  Швеция Елшілігінің шақыртуымен Стокгольм қаласында жеке көрмесін өткізді.                   

«Batik Kami» мәдени қоры Тәуелсіздіктің 30жылдығы аясында «Ұлттық музейде» көрме ұйымдастырды. Көрмеге 150-ге жуық картина апарылып, музей қорының қайырымдылық жобасына 9 шығармашылық жұмысы тарту етілді. Қайырымдылыққа табыс етілген картиналардан балаларға арналған ұлттық нақыштағы бұрыш жасалды.

 width=

Жоба авторы Камила Жапалова – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мәдениет қайраткері. Сондай-ақ ол Қазақстан және Халықаралық заманауи өнер академиясының мүшесі.