Бүгін – Медицина қызметкерлері күні

Бүгін – Медицина қызметкерлері күні

Бүгін – Медицина қызметкерлері күні
ашық дереккөзі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады деп хабарлады turkystan.kz.

«Құрметті дәрігерлер, медицина қызметкерлері! Баршаңызды Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын! Сіздер адамгершілік пен ізгілік мұраттарына қалтқысыз қызмет етіп келесіздер. Қоғамымыз дәрігер парызының ерекше мән-маңызына күн өткен сайын көз жеткізуде. Көптеген дарынды жастар осы мамандықты игеруге ұмтылып жатыр», – деді ол.

Сондай-ақ Тоқаев елімізде медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіліп, денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударылатынын айтты. Президент сөзінше, ұлт саулығы – Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекеттік саясатымыздың аса маңызды бағыты.

«Сіздерге ерен еңбектеріңіз, Гиппократ антына адалдықтарыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!», – деді Мемлекет басшысы өз құттықтау жазбасында.