Жаңалықтар

Қырғызстан 2017 жылды тәрбие жылы деп жарияламақ

ашық дереккөзі

Қырғызстан 2017 жылды тәрбие жылы деп жарияламақ

Қырғыз Президенті Алмазбек Атамбаев 2017 жылды адамгершілік, тәрбие мен мәдениет жылы деп жарияламақ, деп хабарлайды 24.kz. Мемлекет басшысының пікірінше, қоғамда ізгілік қасиеттер азайып барады. Осы тұста халықтың ойы екіге жарылды. Бірі мәдениеттен бұрын құлдыраған экономиканы көтеру керек десе, өзгелері тың бастаманы қолдап отыр. Тәрбиелі, мәдениетті бол және адами құндылықтарыңды жоғалтпа. Қарапайым қырғыз азаматының бейнесі осындай болуы керек. Өкінішке орай, елдің барлық тұрғыны мұндай қадір-қасиетке ие деп айту қиын. Сондықтан болар, Қырғыз Президенті отандастарына келер жылды адамгершілік, рухани даму жылы деп атауды ұсынды. «Көктемде студент «Тукурбё» компаниясын ашты. Бұл адамдарға әсер етті. Ал әлеуметтік желіде жастар қоғамдық орында шекілдеуік шақпау туралы бастама көтерді. Нәтижесін берді. Қазір белсенді жастар қатары артты. Олар мемлекеттің дамуына әсер ете алады», — дейді қырғыз президенті. Президент бастамасы қоғамды екіге бөлді. Оның пікірін қолдағандар мен қатар қарсылық білдіргендер де табылды. Айыр қалпақты ағайын адами құндылықтарды жоғалтпай, насихаттауды қолдайды. Бірақ елде бұдан өзге шешімін таппаған мәселелер жетеді. Сондықтан билік басындағы шенеуніктер маңызды мәселелермен айналысу қажеттігін айтады.