Жаңалықтар

16 жастағы жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып кетті

ашық дереккөзі

16 жастағы жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып кетті

Toyota Camry көлігін тізгіндеген жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып кеткен деп хабарлады turkystan.kz.

Мұхамеджанов пен Алтын Адам көшелерінің қиылысында жол апаты орын алды. Ал рөлде болған 16 жастағы жасөспірімнің жүргізуші куәлігі болмаған.

Зардап шегуші Ақтөбе жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Полиция медициналық тексеруден өткен жасөспірімнің мас күйде болмағанын айтты. Аталған фактіге сәйкес, «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.