Елден күнбағыс майын экспорттауға шектеу қойды

Елден күнбағыс майын экспорттауға шектеу қойды

Елден күнбағыс майын экспорттауға шектеу қойды
ашық дереккөзі

Мемлекеттік кірістер комитеті бағаны тұрақтандыру мақсатында күнбағыс майын экспорттауға шектеулер енгізді деп хабарлады turkystan.kz.

Шектеулер 2022 жылдың 18 маусымы мен 31 тамызы аралығында күшіне енеді.

"Күнбағыс майын экспорттауға шектеулер бағаны тұрақтандыру және тапшылықтың туындауын жою мақсатында енгізілді. Жоғарыда көрсетілген бұйрыққа сәйкес күнбағыс майын ел аумағынан шығару мемлекеттік инспекция комитеті берген фитосанитариялық сертификат болған жағдайда ғана жүзеге асырылады", – делінген қаржы министрлігінің хабарламасында.

Бұрын күнбағыс майын экспорттаудағы сандық шектеулер 2021 жылдың 15 желтоқсанынан 2022 жылдың 1 маусымына дейін қолданыста болған екен.