Облыс әкімі 9 млн теңгенің сағатын қалай сатып алғанын айтты

Облыс әкімі 9 млн теңгенің сағатын қалай сатып алғанын айтты

Облыс әкімі 9 млн теңгенің сағатын қалай сатып алғанын айтты
ашық дереккөзі

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бірқатар әлеуметтік желілерде талқыға түскен сағатын қашан және қалай алғанын айтып берді деп жазады turkystan.kz.

Оның айтуынша, қымбат сағат таққан фотосы 2016 жылы түсірілген. 

«Негізінен, бұл сағатты ертеректе алғанмын. Менің мемлекеттік қызметке дейін 10 жылға жуық бизнес саласында жүргенімді өмірбаянымнан көре аласыздар. Сондықтан бұл мәселеде жасырын ештеңе жоқ деп ойлаймын және әрдайым БАҚ өкілдерінің сауалдарына ашық жауап беруге дайынмын» деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.