Бердымұхамедов президенттік сайлауға түседі

Бердымұхамедов президенттік сайлауға түседі

Бердымұхамедов президенттік сайлауға түседі
ашық дереккөзі
Түркіменстанның қазіргі президенті Гурбангұлы Бердымұхамедов 2017 жылы ақпанда өтетін президенттік сайлауға үміткер болып ұсынылды, деп хабарлады сәрсенбі күні Түркіменстанның мемлекеттік ақпараттық агенттігі (TDH).
Бұл туралы Ашхабадта билік басындағы Демократиялық партия жиналысында жарияланды. Тиісті қарар Түркіменстанның Референдум өткізу және сайлау жөніндегі орталық комиссиясына жолданды. Күздің басында Бердымұхамедов Конституцияға түзетулерге қол қойды. Ол бойынша президенттік қызмет бес жылдан жеті жылға дейін ұзартылды, ал 70 жасқа дейінгі шектеу алып тасталынды. Түркіменстанда президенттік сайлау 12 ақпанға белгіленді. Президенттік қызметке үміткерлерді ұсыну 14 желтоқсанда басталды. Алдағы күндері Өнеркәсіп және кәсіпкерлер партиясы мен Аграрлық партияның сайлауға түсетін үміткерлері белгілі болады, деп хабарлады TDH. Бердымұхамедов бес миллион халқы бар елді 2006 жылдан бері басқарып келеді. Ол билікке Түркіменстанның алғашқы президенті Сапармұрат Ниязов қайтыс болған соң келді.