Баскетболдан Қазақстан құрамасы FIBA рейтингінде көш бастады

Баскетболдан Қазақстан құрамасы FIBA рейтингінде көш бастады

Баскетболдан Қазақстан құрамасы FIBA рейтингінде көш бастады
ашық дереккөзі
Баскетболдан әлем чемпионатына Азия аймағы іріктеу турнирінің жаңартылған рейтингі жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Рейтингте Қазақстан ерлер құрамасы бірінші орынға көтерілді. Ал Иордания мен Австралия алдыңғы үштікті түйіндеп тұр. Ел құрамасы мұндай нәтижеге алғашқы екі кезеңдегі кездесулерде жеңіске жеткеннен кейін қол жеткізген. Осылайша ерлер құрамасы 8 ұпаймен D тобында көш бастады. Айта кетсек, қуаттылық рейтингісі команданың іріктеу турниріндегі нәтижелеріне сәйкес түзіледі.