Бибісара Асаубаева мектепті «Алтын белгімен» бітірді

Бибісара Асаубаева мектепті «Алтын белгімен» бітірді

Бибісара Асаубаева мектепті «Алтын белгімен» бітірді
ашық дереккөзі
Шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева мектепті «Алтын белгімен» бітірді. Бүгін ол оқитын Ақтаудағы АиТи-лицей түлектеріне «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» салтанатты түрде табысталды деп хабарлады turkystan.kz baq.kz -ке сілтеме жасап. Шахматтан ең жас әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Ақтаудағы аити-лицейде 2019 жылдан бері білім алады. Мектеп қабырғасында жүріп «Әлемдегі ең жас чемпион» атаныды. Жарыстарға үзбей қатысуға мүмкіндік беріп, демеу болған ұстаздарына алғысын жеткізді.
Бүгін біз үшін маңызды күн. Өйткені, қолымызға аттестатымызды алдық. Мен 3 жылдан бері Ақтауда оқимын. Биылғы оқу жылында шахматтан әлемнің ең жас жеңімпазы атанып, Азия чемпионы болдым. Маған білім беріп, қолдау білдірген мұғалімдер мен мектеп басшылығына  ризашылығымды білдіремін. Ал сыныптастарыма сәттілік тілеймін. Өйткені алда біздің өмірдің түрлі белесі күтіп тұр,  – дейді "Алтын белгі" иегері Бибісара Асаубаева