Берік Жахановтың «Еркек» фильмі Қырғызстанда жүлдеге ие болды

Берік Жахановтың «Еркек» фильмі Қырғызстанда жүлдеге ие болды

Берік Жахановтың «Еркек» фильмі Қырғызстанда жүлдеге ие болды
ашық дереккөзі
ТМД, Балтық және Грузия елдерінің халықаралық кинофестивалі жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Олардың ішінде Берік Жахановтың «Еркек» фильмі де бар, деп хабарлады фестивалдің ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметі. Байқауда «Үздік фильм» жүлдесін Павел Кузуйоктың (Молдова) «Раиса» картинасы, «Үздік режиссура» Берік Жахановтың (Қазақстан) – «Еркек» фильмі алды. Ұлттық байқауда «Үздік фильм» режиссер Болсунбек Таалайбек уулуның «Олжо» картинасына бұйырса, «Үздік режиссура» номинациясы режиссер Кенжебек Шайлообаевтың «Тегирмен» (Мельница) фильміне берілді. Әділқазылардың арнайы жүлдесі режиссер Сырға Қубандық қызының  «Соблазн богатства» фильміне табысталды. Айта кетейік, әділқазылар құрамында Дәріжан Өмірбаев, Вирджили Мерджинян, Элла Манжеева, Таалайбек Кулмендеев пен Мансур Васати болды.