Жаңалықтар

Астаналықтар Кіші Талдыкөлдің тартылып бара жатқанын айтып, дабыл қақты

ашық дереккөзі

Астаналықтар Кіші Талдыкөлдің тартылып бара жатқанын айтып, дабыл қақты

Нұр-Сұлтан тұрғындары Кіші Талдыкөлдің тартылып бара жатқанына алаңдаулы деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап. Олардың айтуынша, былтыр сот шешімімен тоқтауы тиіс болған құрылыс биыл қайта жанданған. Алайда қала әкімдігі көлдің тартылуын құрылыс жұмыстарымен байланыстырмайды.  «Олар көлдің бір жағындағы суын екінші жағына өздері пайдалану үшін құйып жатыр. Мұндай арнайы құрылғылар көл аумағында әр жерде орналасқан. Ал жүк көліктері күні-түні келіп, көлге топырақ пен қоқыс төгеді. Сонымен қатар 100-ден аса нысанның құрылысы жүріп жатыр. Басым бөлігі тұрғын үйлер, ал көлдің төртінші бөлігінде, жоспар бойынша, сауда орталығы салынуы қажет», – деді экобелсенді Әсел Мелдешова. Оның сөзінше, 16 маусымда Талдыкөлді сақтап қалуға бағытталған сот отырысы өткен. Мұнда көл аумағында су қорғау аймағын құру мәселесі көтеріліпті. «Барлық су қоймаларында арнайы қорғау аймақтары болады. Алайда Талдыкөл үшін бұл қарастырылмаған. Жер де жекеменшікке үлестіріліп берілген. Қазір жылы жақтан ұшып келген құстарға көл тарлық етеді. Мұны көлге барған кез келген адам байқайды. Көпшілігі табиғи мекенінен айырылды», – деп қосты ол.